Маңғыстауда "Бірлестік-2024" халықаралық оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Маңғыстауда "Бірлестік-2024" халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Маңғыстауда Бірлестік-2024 халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2024
Жазылу
Оған Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери қызметшілері қатысуда
АСТАНА, 13 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан әскери қызметшілерінің қатысуымен "Бірлестік-2024" халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының негізгі кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
"Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Бауыржан Артықов оқу-жаттығудың әскери басқару органдарына Қарулы күштері Бас штабының жедел директивасын тапсыра отырып, жауынгерлік өкімнің мазмұнын жеткізді.
Жауынгерлік жұмыстар барысында командирдің шартты қарсыластың көзін жою туралы шешімі қабылданды. Басқару пунктінің офицерлері жоспарлауды аяқтады. Әскерлерге практикалық көмек көрсетіп, олардың қойылған жауынгерлік тапсырманы орындауға дайындығын бақылау бойынша жұмыс жүргізілді.
"Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің штабы жаттығуға қатысушы мемлекеттердің әскери контингенттерімен бірлесіп, тапсырмаларды орындауға кірісіп кетті.
Жаңалықтар
0