Алматыдағы "барахолкадан" өрт шықты

Сауда бутиктері, яғни екі деңгейлі контейнерлер өртенді
Sputnik
АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Алматыда "Мизам" базарынан өрт шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 16 шілде сағат 16:59-да болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жеткен.
"Көлік кептелісіне қарамастан, өрт сөндірушілер оқиға орнына алты минутта жетті. Сауда бутиктері, яғни екі деңгейлі контейнерлер өртенген. Өрт туралы хабарлама кеш түсті", - дейді ведомство.
Сондай-ақ тез жанатын заттың көптігінен тілсіз жау тез тарап, біраз жерді күлге айналдырған.