Қырғызстанда тағы да сел жүрді: бір баланың денесі табылды

Sputnik
АСТАНА, 15 шілде – Sputnik. Қырғызстанның Ош қаласында болған сел салдарынан жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі Өзбекстан аумағынан табылды, деп хабарлайды Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі.
Ведомствоның хабарлауынша, Әндіжан қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған қыздың мәйіті табылды.
Оның денесі "Достық" шекарасы арқылы қырғыз тарапына берілді. Жоғалған екі әйел мен екі қызды іздеу жұмыстары жалғасуда.
Еске сала кетейік, Қырғызстанның Ош облысы мен Ош қаласында сел жүрді. Табиғи апат салдарынан жолдар қирап, көшелерді су басып, қалды. Елдің төтенше жағдайлар министрлігі төрт адамның жоғалғанын хабарлады.

Айта кетері, 28 маусымда Қырғызстанда жауған жаңбыр салдарынан Ош облысының Ноокат ауданында сел жүрген еді. Соңғы мәліметтер бойынша, тоғыз адам қаза тапты, оның төртеуі – қазақстандық бала. Қайғылы оқиға болған күні шығыс қазақстандық екі ұл мен екі қыз аналарымен бірге туыстарына барған.
Қырғызстанда сел жүрді: тағы екі қазақстандық баланың денесі табылды