Қырғызстанда сел жүрді: тағы екі қазақстандық баланың денесі табылды

© Photo : Пресс-служба МЧС Кыргызстана Спасатели устраняют последствия селя в Нукатском районе в Кыргызстане
Спасатели устраняют последствия селя в Нукатском районе в Кыргызстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2024
Жазылу
Жақында Қазақстан ТЖМ бортымен қаза тапқан барлық 4 баланың денесі елге жеткізіледі
АЛМАТЫ, 30 маусым - Sputnik. Қырғызстандағы селден қаза тапқан тағы екі қазақстандық баланың денесі табылды, деп хабарлады Қырғызстан ТЖМ жедел штабы.
"Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген түрде құжаттар ресімделіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетеді", - деп Қазақстан СІМ мәлімдеді.
Селден қайтыс болғандардың саны онға жетті, олардың сегізі бала.
Жақын арада Қазақстан ТЖМ бортымен қайтыс болған барлық 4 баланың денесі елге жеткізіледі.
28 маусымда Қырғызстанда қатты жауған жаңбырдың салдарынан Ош облысының Ноокат ауданындағы жойқын сел жүріп, тұрғындар мен туристер құрбан болды.
Сел. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2024
Қырғызстанда селден қаза тапқандардың саны сегіз адамға жетті
Жаңалықтар
0