АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында ер адам әйелін пышақтап тастады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Жұбайына пышақ салу дерегі бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Кісі өлтіруге оқталу дерегімен қылмыстық іс қозғалды", - деп жазылған хабарламада.
Жәбірленуші ауруханада жатыр, қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты.
Полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.
"Тексеріс нәтижесіне қарай құқықтық баға беріледі", - деп толықтырды полиция.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.