https://sputnik.kz/20240606/qostanayda-ayelin-oltirgen-buryngy-politsiya-qyzmetkeri-9-zhylga-sottaldy-44799371.html
Қостанайда әйелін өлтірген бұрынғы полиция қызметкері 9 жылға сотталды
Қостанайда әйелін өлтірген бұрынғы полиция қызметкері 9 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Сот айыпталушының жазасын жеңілдететін мән-жайларды, оның жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін ескерді 06.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-06T09:32+0500
2024-06-06T09:32+0500
2024-06-06T09:32+0500
сот
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының бұрынғы инспекторы жұбайын өлтірді деген айыпталды, деп хабарладйы Қостанай облысының соты. Қайғылы оқиға өткен жылдың қарашасында болды. Қостанай ауданында жер үйдің ауласынан әйелдің мәйіті табылды. Іс материалдары бойынша ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, ер адам әйелін электр сымымен тұншықтырып өлтіргені анықталды. Қылмысты жасыру үшін әйелдің денесін гаражға апарып, оны өз-өзіне қол жұмсаған етіп көрсеткісі келген. Сот медициналық сараптама әйелдің механикалық асфикциядан (тұншықтыру, қылғыну) көз жұмғанын анықтаған. Сотталушы жасаған қылмыс аса ауыр қылмыс санатына жатады. Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.Сот айыпталушының жазасын жеңілдететін мән-жайларды, оның жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін ескерді. Оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы полиция аға лейтенанты арнайы шеніненн айырылды.
https://sputnik.kz/20221213/atbasar-turgyny-aldymen-qyzyn-eki-zhyldan-keyin-ayelin-oltirgen-30292168.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, қостанай облысы
Қостанайда әйелін өлтірген бұрынғы полиция қызметкері 9 жылға сотталды
Сот айыпталушының жазасын жеңілдететін мән-жайларды, оның жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін ескерді
АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының бұрынғы инспекторы жұбайын өлтірді деген айыпталды, деп хабарладйы Қостанай облысының соты.
Қайғылы оқиға өткен жылдың қарашасында болды. Қостанай ауданында жер үйдің ауласынан әйелдің мәйіті табылды. Іс материалдары бойынша ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, ер адам әйелін электр сымымен тұншықтырып өлтіргені анықталды. Қылмысты жасыру үшін әйелдің денесін гаражға апарып, оны өз-өзіне қол жұмсаған етіп көрсеткісі келген.
Сот медициналық сараптама әйелдің механикалық асфикциядан (тұншықтыру, қылғыну) көз жұмғанын анықтаған.
Сотталушы жасаған қылмыс аса ауыр қылмыс санатына жатады. Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Сот айыпталушының жазасын жеңілдететін мән-жайларды, оның жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін ескерді. Оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы полиция аға лейтенанты арнайы шеніненн айырылды.