АСТАНА, 12 шілде – Sputnik. Ресейде бортында экипаж мүшелері ғана болған жолаушылар ұшағы құлады, деп хабарлады РИА Новости елдің шұғыл қызметіне сілтеме жасап.
"Sukhoi Superjet ұшағы орманға құлап, жермен соқтығысқаннан кейін жарылған", - деп хабарлады агенттік дереккөзі.
Апат Коломна қаласы аумағында болды. Қалалық округ басшысы Александр Гречищев Telegram каналында Апраксино ауылы аумағындағы орынға бара жатқанын хабарлады.
Оның мәліметінше бортта екі ұшқыш пен бір штурман болған. Апат болған жер қоршауға алынып, төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.
Тергеу комитеті ұшақ жөндеуден кейін зауыттан ұшып шығып, Внуково әуежайына бет алғанын хабарлады. Бортта жолаушылар болмаған.
"Газпром авиа" әу компаниясының лайнері құлағаны белгілі болды, ол 2014 жылдан бері пайдаланылып келген.