Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейдегі ұшақ апаты: бортта болғандардың барлығы қаза тапты

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуСамолет Ил-76
Самолет Ил-76 - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2024
Жазылу
Ұшақ ауыл сыртындағы алқапқа құлады, жергілікті тұрғындар ұшқыштарға алғыс айтты
АСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Белгород облысында апатқа ұшыраған Ил-76 әскери ұшағының бортында болғандардың барлығы қаза тапты, деп хабарлады аймақ басшысы Вячеслов Гладков.

"Корочанск ауданында ұшақ апатқа ұшырады. Ол елді мекеннің жанындағы егістік алқапқа құлады. Борттағылардың барлығы қаза тапты", - деп жазды ол Telegram арнасында.

Оның айтуынша, ұшақ құлаған жер қоршауға алынған. Барлық жедел қызметтер оқиға орнында жүр, тергеу шаралары жүргізілуде. Апаттың себептерін анықтау үшін комиссия апат болған жерге жіберіледі.
Ил-76 ұшағы жоспарлы рейсті орындау кезінде Белгород облысында апатқа ұшырады, деп хабарлады бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, бортында экипаждың алты мүшесінен басқа Украинаның тұтқынға алынған 65 әскери қызметкері және олармен еріп жүруші үш адам болған.
Жаңалықтар
0