АСТАНА, 12 шілде - Sputnik. Украиналық қақтығыс тараптарына келіссөздерді міндеттеу мүмкін емес, оларды жүзеге асыру үшін өзара ниет қажет, деп мәлімдеді Бразилия СІМ әлеуметтік коммуникациялар басқармасының басшысы Жоэл Соуза Пинту Сампайу РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
Ол Бразилияның украиналық қақтығыс бойынша ертерек диалог жүргізіледі деп үміттенетінін және өз елі шешім табуға көмектесуге дайын екенін айтты.
"Тараптарға бұл мәселені міндеттеу, оған мәжбүрлеу дұрыс емес. Тараптар келіссөздер уақыты келгенін өздері түсінуі және оған ниетті болуы керек", - деді дипломат.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша Қырым, ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейдің аймақтары мәртебесін тануын, Украинаның блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебесін бекітуді, оны демилитаризациялау және денацификациялауды, Ресейге қарсы санкцияларды жоюды көздейтін жаңа бітімгершілік ұсыныстарын айтқан болатын. Киев бітімге келудің бұл талаптарын қабылдамады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің Украинамен келіссөз жүргізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын түсіндірді. Алайда Киев келіссөздерге заңнамалық деңгейде тыйым салып, Мәскеудің бітімгершілік ұсыныстарын қабылдамады.