https://sputnik.kz/20240712/braziliya-syrtqy-ister-ministrligi-ukraina-boyynsha-kelissoz-zhurgizu-shartyn-atady-45611198.html
Бразилия сыртқы істер министрлігі Украина бойынша келіссөз жүргізу шартын атады
Бразилия сыртқы істер министрлігі Украина бойынша келіссөз жүргізу шартын атады
Sputnik Қазақстан
Жоэл Соуза Пинту Сампайу Бразилияның бұл мәселе бойынша шешім табуға көмектесуге дайын екенін айтты 12.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-12T10:34+0500
2024-07-12T10:34+0500
2024-07-12T10:34+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
бразилия
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_0:67:3075:1796_1920x0_80_0_0_0b68a99a3213f968a339210ce42824d4.jpg
АСТАНА, 12 шілде - Sputnik. Украиналық қақтығыс тараптарына келіссөздерді міндеттеу мүмкін емес, оларды жүзеге асыру үшін өзара ниет қажет, деп мәлімдеді Бразилия СІМ әлеуметтік коммуникациялар басқармасының басшысы Жоэл Соуза Пинту Сампайу РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.Ол Бразилияның украиналық қақтығыс бойынша ертерек диалог жүргізіледі деп үміттенетінін және өз елі шешім табуға көмектесуге дайын екенін айтты.Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша Қырым, ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейдің аймақтары мәртебесін тануын, Украинаның блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебесін бекітуді, оны демилитаризациялау және денацификациялауды, Ресейге қарсы санкцияларды жоюды көздейтін жаңа бітімгершілік ұсыныстарын айтқан болатын. Киев бітімге келудің бұл талаптарын қабылдамады.Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің Украинамен келіссөз жүргізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын түсіндірді. Алайда Киев келіссөздерге заңнамалық деңгейде тыйым салып, Мәскеудің бітімгершілік ұсыныстарын қабылдамады.
бразилия
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_68:0:2799:2048_1920x0_80_0_0_5b364d7aff180e96688ff2cd3454b44f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бразилия, украина
Бразилия сыртқы істер министрлігі Украина бойынша келіссөз жүргізу шартын атады
Жоэл Соуза Пинту Сампайу Бразилияның бұл мәселе бойынша шешім табуға көмектесуге дайын екенін айтты
АСТАНА, 12 шілде - Sputnik. Украиналық қақтығыс тараптарына келіссөздерді міндеттеу мүмкін емес, оларды жүзеге асыру үшін өзара ниет қажет, деп мәлімдеді Бразилия СІМ әлеуметтік коммуникациялар басқармасының басшысы Жоэл Соуза Пинту Сампайу РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.
Ол Бразилияның украиналық қақтығыс бойынша ертерек диалог жүргізіледі деп үміттенетінін және өз елі шешім табуға көмектесуге дайын екенін айтты.
"Тараптарға бұл мәселені міндеттеу, оған мәжбүрлеу дұрыс емес. Тараптар келіссөздер уақыты келгенін өздері түсінуі және оған ниетті болуы керек", - деді дипломат.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша Қырым, ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейдің аймақтары мәртебесін тануын, Украинаның блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебесін бекітуді, оны демилитаризациялау және денацификациялауды, Ресейге қарсы санкцияларды жоюды көздейтін жаңа бітімгершілік ұсыныстарын айтқан болатын. Киев бітімге келудің бұл талаптарын қабылдамады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің Украинамен келіссөз жүргізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын түсіндірді. Алайда Киев келіссөздерге заңнамалық деңгейде тыйым салып, Мәскеудің бітімгершілік ұсыныстарын қабылдамады.