АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Шымкент зообағындағы ерекше жануардың бірі, қуызмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы өгіз төлдеді.
"Бұл әлемдегі тарихи жағдайлардың бірі. Себебі ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Еуропадағы табиғи және антропогендік жағдайлардың әсерінен зубр саны 30 бас қана болды. Соңғы есеп бойынша 2023 жылы олардың саны 10 мыңнан асады. Олардың 3000-ға жуығы қорықтар мен зоосаябақтарда тіршілік етеді", - деп хабарлады Шымкент мемлекеттік зообағы.
Шымкент хайуанаттар бағында зубр төлдеді
© Photo : Шымкент мемлекеттік зообағы
Зубр – жабайы орман өгізі. Еуропадағы ең ірі тұяқты жануар. Олардың денесінің ұзындығы 3,5 метрге дейін жетеді, ал биіктігі 2 метрден асады, салмағы 1 тоннаға баруы мүмкін.
Шымкент хайуанаттар бағында зубр төлдеді
© Photo : Шымкент мемлекеттік зообағы
"Қазіргі уақытта зубр бұзауының жағдайы жақсы. Ветеринарлық дәрігерлер мен биологтардың күнделікті бақылауында. Зообақ көрермендеріне зубр бұзауын көруге мүмкіндік бар. Зубр бұзауы жаңбырды қатты ұнатады және шеңбер болып айналғанды жақсы көреді", - дейді зообақ мамандары.
Қазіргі уақытта зообақ ұжымы зубрдың бұзауына жаңа лақап ат іздеп жатыр.