https://sputnik.kz/20240710/shymkent-khayuanattar-bagynda-zubr-toldedi-45589922.html
Шымкент хайуанаттар бағында зубр төлдеді
Шымкент хайуанаттар бағында зубр төлдеді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі уақытта зообақ ұжымы зубрдың бұзауына жаңа лақап ат іздеп жатыр 10.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-10T18:48+0500
2024-07-10T18:48+0500
2024-07-10T18:48+0500
зообақ
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e8/07/0a/45589449_12:0:817:453_1920x0_80_0_0_cb326af6fb3da0a00ea8126bc21f9da3.png
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Шымкент зообағындағы ерекше жануардың бірі, қуызмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы өгіз төлдеді."Бұл әлемдегі тарихи жағдайлардың бірі. Себебі ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Еуропадағы табиғи және антропогендік жағдайлардың әсерінен зубр саны 30 бас қана болды. Соңғы есеп бойынша 2023 жылы олардың саны 10 мыңнан асады. Олардың 3000-ға жуығы қорықтар мен зоосаябақтарда тіршілік етеді", - деп хабарлады Шымкент мемлекеттік зообағы.Зубр – жабайы орман өгізі. Еуропадағы ең ірі тұяқты жануар. Олардың денесінің ұзындығы 3,5 метрге дейін жетеді, ал биіктігі 2 метрден асады, салмағы 1 тоннаға баруы мүмкін."Қазіргі уақытта зубр бұзауының жағдайы жақсы. Ветеринарлық дәрігерлер мен биологтардың күнделікті бақылауында. Зообақ көрермендеріне зубр бұзауын көруге мүмкіндік бар. Зубр бұзауы жаңбырды қатты ұнатады және шеңбер болып айналғанды жақсы көреді", - дейді зообақ мамандары.Қазіргі уақытта зообақ ұжымы зубрдың бұзауына жаңа лақап ат іздеп жатыр.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/0a/45589449_112:0:716:453_1920x0_80_0_0_9e4da56e257aba65ca815f0843a1cea3.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зообақ, шымкент
Шымкент хайуанаттар бағында зубр төлдеді
Қазіргі уақытта зообақ ұжымы зубрдың бұзауына жаңа лақап ат іздеп жатыр
АЛМАТЫ, 10 шілде – Sputnik. Шымкент зообағындағы ерекше жануардың бірі, қуызмүйізділер тұқымдасына жататын жабайы өгіз төлдеді.
"Бұл әлемдегі тарихи жағдайлардың бірі. Себебі ХХ ғасырдың бірінші ширегінде Еуропадағы табиғи және антропогендік жағдайлардың әсерінен зубр саны 30 бас қана болды. Соңғы есеп бойынша 2023 жылы олардың саны 10 мыңнан асады. Олардың 3000-ға жуығы қорықтар мен зоосаябақтарда тіршілік етеді", - деп хабарлады Шымкент мемлекеттік зообағы.
Зубр – жабайы орман өгізі. Еуропадағы ең ірі тұяқты жануар. Олардың денесінің ұзындығы 3,5 метрге дейін жетеді, ал биіктігі 2 метрден асады, салмағы 1 тоннаға баруы мүмкін.
"Қазіргі уақытта зубр бұзауының жағдайы жақсы. Ветеринарлық дәрігерлер мен биологтардың күнделікті бақылауында. Зообақ көрермендеріне зубр бұзауын көруге мүмкіндік бар. Зубр бұзауы жаңбырды қатты ұнатады және шеңбер болып айналғанды жақсы көреді", - дейді зообақ мамандары.
Қазіргі уақытта зообақ ұжымы зубрдың бұзауына жаңа лақап ат іздеп жатыр.