Президент жаңадан тағайындалған елші Ноғаевты қабылдады

20 мамырда Нұрлан Ноғаев Қазақстанның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалған болатын
Sputnik
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстанның Түрікменстандағы жаңадан тағайындалған елшісі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев жаңадан тағайындалған елші Ноғаевты қабылдады
Кездесу барысында Тоқаев бауырлас Түрікменстанмен достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік байланыстарын одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Президент екіжақты ықпалдастықты, оның ішінде энергетика, көлік-транзит, сауда және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде Ноғаевқа бірқатар міндет жүктеді.
Мемлекет басшысы алдағы уақытта өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздердің мазмұнды әрі сапалы болуына баса назар аударуды тапсырды.
Еске сала кетсек, 20 мамырда Нұрлан Ноғаев Қазақстанның Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалған болатын.
Ал оған дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарды.