АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Ресей Украинадағы қақтығысты реттеу шараларына қатысуы керек, әйтпесе бұл кездесулер сәтсіз аяқталады, дейді Словакия президенті Петер Пеллегрини.
"Егер біз Швейцариядағы бейбітшілік саммиті сияқты бастамаларды жалғастырғымыз келсе және өзге елдер мұндай кездесулерді жалғастырғысы келетінін айтса, онда Ресей өкілдерінің қатысуынсыз келесі кездесулер сәтсіз болады деп ойлаймын", - деді Пеллегрини Вашингтонда журналистерге.
Ол Вашингтонға НАТО саммитіне қатысу үшін барды.
Оның айтуынша, бейбітшілік туралы қақтығысқа қатысушы екі тараппен сөйлесу керек. Словакия президенті бұл туралы көпшілік алдында айтқысы келмесе де, көптеген көшбасшы мұнымен келісетінін атап өтті.
"Егер олар тек Украинамен жүргізілсе, олар (келіссөздер – ред.) сәтсіз болады", - деп қосты Пеллегрини.
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин бұған дейін Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша Қырым, ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарының Ресей аймақтары ретіндегі мәртебесін тануды, Украинаның блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебесін бекітуді, оны демилитаризациялау мен деназификациялауды, Ресейге қарсы санкциялардың күшін жоюды көздейтін жаңа бейбіт ұсыныстар айтқан болатын. Украина тарапы бұл бастамадан бас тартты. Путин сондай-ақ Владимир Зеленскийдің өкілеттік мерзімі аяқталғанын және оның заңдылығын ешқандай жолмен қалпына келтіруге болмайтынын атап өтті.