https://sputnik.kz/20240709/reseydin-qatysuynsyz-ukraina-boyynsha-kelissozder-satsiz-ayaqtalady---slovakiya-basshysy--45567289.html
Ресейдің қатысуынсыз Украина бойынша келіссөздер сәтсіз аяқталады - Словакия басшысы
Ресейдің қатысуынсыз Украина бойынша келіссөздер сәтсіз аяқталады - Словакия басшысы
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Ресей Украинадағы қақтығысты реттеу шараларына қатысуы керек, әйтпесе бұл кездесулер сәтсіз аяқталады, дейді Словакия президенті... 09.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-09T17:50+0500
2024-07-09T17:50+0500
2024-07-09T17:50+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_0:67:3075:1796_1920x0_80_0_0_0b68a99a3213f968a339210ce42824d4.jpg
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Ресей Украинадағы қақтығысты реттеу шараларына қатысуы керек, әйтпесе бұл кездесулер сәтсіз аяқталады, дейді Словакия президенті Петер Пеллегрини.Ол Вашингтонға НАТО саммитіне қатысу үшін барды.Оның айтуынша, бейбітшілік туралы қақтығысқа қатысушы екі тараппен сөйлесу керек. Словакия президенті бұл туралы көпшілік алдында айтқысы келмесе де, көптеген көшбасшы мұнымен келісетінін атап өтті."Егер олар тек Украинамен жүргізілсе, олар (келіссөздер – ред.) сәтсіз болады", - деп қосты Пеллегрини.Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин бұған дейін Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша Қырым, ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарының Ресей аймақтары ретіндегі мәртебесін тануды, Украинаның блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебесін бекітуді, оны демилитаризациялау мен деназификациялауды, Ресейге қарсы санкциялардың күшін жоюды көздейтін жаңа бейбіт ұсыныстар айтқан болатын. Украина тарапы бұл бастамадан бас тартты. Путин сондай-ақ Владимир Зеленскийдің өкілеттік мерзімі аяқталғанын және оның заңдылығын ешқандай жолмен қалпына келтіруге болмайтынын атап өтті.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_68:0:2799:2048_1920x0_80_0_0_5b364d7aff180e96688ff2cd3454b44f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Ресейдің қатысуынсыз Украина бойынша келіссөздер сәтсіз аяқталады - Словакия басшысы
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Ресей Украинадағы қақтығысты реттеу шараларына қатысуы керек, әйтпесе бұл кездесулер сәтсіз аяқталады, дейді Словакия президенті Петер Пеллегрини.
"Егер біз Швейцариядағы бейбітшілік саммиті сияқты бастамаларды жалғастырғымыз келсе және өзге елдер мұндай кездесулерді жалғастырғысы келетінін айтса, онда Ресей өкілдерінің қатысуынсыз келесі кездесулер сәтсіз болады деп ойлаймын", - деді Пеллегрини Вашингтонда журналистерге.
Ол Вашингтонға НАТО саммитіне қатысу үшін барды.
Оның айтуынша, бейбітшілік туралы қақтығысқа қатысушы екі тараппен сөйлесу керек. Словакия президенті бұл туралы көпшілік алдында айтқысы келмесе де, көптеген көшбасшы мұнымен келісетінін атап өтті.
"Егер олар тек Украинамен жүргізілсе, олар (келіссөздер – ред.) сәтсіз болады", - деп қосты Пеллегрини.
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин бұған дейін Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша Қырым, ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарының Ресей аймақтары ретіндегі мәртебесін тануды, Украинаның блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебесін бекітуді, оны демилитаризациялау мен деназификациялауды, Ресейге қарсы санкциялардың күшін жоюды көздейтін жаңа бейбіт ұсыныстар айтқан болатын. Украина тарапы бұл бастамадан бас тартты. Путин сондай-ақ Владимир Зеленскийдің өкілеттік мерзімі аяқталғанын және оның заңдылығын ешқандай жолмен қалпына келтіруге болмайтынын атап өтті.