Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Украинаға төрт патрульдік қайықты жөнелтті

Джо Байден 7 шілдеде Украинаға 225 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін бөлетінін жариялады
Sputnik
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. АҚШ украин шекарашыларға төрт патрульдік қайықты жөнелтті, деп хабарлады АҚШ-тың Украинадағы елшісі Бриджит Бринк.
"АҚШ Украинаның Мемлекеттік шекара қызметіне тағы төрт патрульдік қайықты жеткізді", - деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
АҚШ президенті Джо Байден 7 шілдеде Украинаға 225 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін бөлетінін жариялады. Пентагон соңғы жеткізілімге патрульдік катерлер, HAWK ЗЗК арналған зымырандар, Stinger зымырандары, HIMARS ЖОКЖ арналған оқ-дәрілер, 155 мм және 105 мм артиллериялық снарядтар, M113 броньдалған тасымалдаушылар, түнде көру құрылғылары және Javelin танкке қарсы кешендері бар екенін түсіндірді.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.