https://sputnik.kz/20240708/aqsh-ukrainaga-tort-patruldik-qayyqty-zhoneltti--45550798.html
АҚШ Украинаға төрт патрульдік қайықты жөнелтті
АҚШ Украинаға төрт патрульдік қайықты жөнелтті
Sputnik Қазақстан
Джо Байден 7 шілдеде Украинаға 225 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін бөлетінін жариялады 08.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-08T17:53+0500
2024-07-08T17:53+0500
2024-07-08T17:53+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ақш
әскери техника
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/05/39933689_0:6:3067:1731_1920x0_80_0_0_ef4919c92f3dcf1da3657e6f9007bbe5.jpg
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. АҚШ украин шекарашыларға төрт патрульдік қайықты жөнелтті, деп хабарлады АҚШ-тың Украинадағы елшісі Бриджит Бринк. "АҚШ Украинаның Мемлекеттік шекара қызметіне тағы төрт патрульдік қайықты жеткізді", - деп жазды ол X әлеуметтік желісінде. АҚШ президенті Джо Байден 7 шілдеде Украинаға 225 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін бөлетінін жариялады. Пентагон соңғы жеткізілімге патрульдік катерлер, HAWK ЗЗК арналған зымырандар, Stinger зымырандары, HIMARS ЖОКЖ арналған оқ-дәрілер, 155 мм және 105 мм артиллериялық снарядтар, M113 броньдалған тасымалдаушылар, түнде көру құрылғылары және Javelin танкке қарсы кешендері бар екенін түсіндірді.Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0b/05/39933689_104:0:2833:2047_1920x0_80_0_0_bb30655d1629d2c9d2f924b10653cf02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, әскери техника
АҚШ Украинаға төрт патрульдік қайықты жөнелтті
Джо Байден 7 шілдеде Украинаға 225 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін бөлетінін жариялады
АСТАНА, 8 шілде – Sputnik. АҚШ украин шекарашыларға төрт патрульдік қайықты жөнелтті, деп хабарлады АҚШ-тың Украинадағы елшісі Бриджит Бринк.
"АҚШ Украинаның Мемлекеттік шекара қызметіне тағы төрт патрульдік қайықты жеткізді", - деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
АҚШ президенті Джо Байден 7 шілдеде Украинаға 225 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін бөлетінін жариялады. Пентагон соңғы жеткізілімге патрульдік катерлер, HAWK ЗЗК арналған зымырандар, Stinger зымырандары, HIMARS ЖОКЖ арналған оқ-дәрілер, 155 мм және 105 мм артиллериялық снарядтар, M113 броньдалған тасымалдаушылар, түнде көру құрылғылары және Javelin танкке қарсы кешендері бар екенін түсіндірді.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.