Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыс Украинаның дефолтқа ұшырау қаупі жайында айтты

Sputnik
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Биыл тамыз айында Украина дефолт жариялауы мүмкін. Бұл туралы Telegraph басылымында журналист Бен Марлоу жазды.
Мақалада Украина басшылығының кредиторлармен келісімге келу жолдарын іздеп жатқаны баяндалады. Себебі батыстың қаржы ұйымдары берген қарыздар бойынша процент төлеуге қатысты екі жылдық мораторий аяқталуға жақын, келесі айдан бастап төлем жасау қажет.
"Егер сол уақытқа дейін келісім жасалмаса, салдары өте ауыр болады", — деп жазды Марлоу.
Басылымға сұхбат берген адам Украина мен кредиторлар арасындағы келіссөздердің барысын біліп отыр. Дефолт болған жағдайда үлкен саяси қиындықтар туындайды.
Биыл наурыз айында Financial Times газеті Жоғары рада бюджет комитетінің төрағасы Роксолана Пидласқа сілтеме жасап отырып, елдің бір жылдық бюджетінің жартысына жуығы - 87 миллиард доллар қорғаныс саласына бөлінгенін жазған. Ал Украинаның ішкі табысы небәрі 46 миллиард долларды құрайды.
Алдағы уақытта бюджет тапшылығы өсе береді деген болжам бар. Себебі мобилизация жүріп жатыр, ондайда әскерге шақырылғандарды қамтамасыз етуге, оқытуға мен жалақы төлеуге бірақ қаражат қажет.
Украина депутаты Александр Устиновтың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын батыстан келетін қаражатпен жауып жатыр. Ал АҚШ-тың көмегі тоқтап қалса, G7 мемлекеттеріне қол созуға тура келеді.
Былтыр қараша айында Владимир Зеленский Украинаның 2024 жылға арналған бюджеті туралы заң жобасына қол қойған. Сол кезде бюджет тапшылығы 43 миллиард доллардан асып тұрған.