https://sputnik.kz/20240707/batys-ukrainanyn-defoltqa-ushyrau-qaupi-zhayynda-aytty-45537700.html
Батыс Украинаның дефолтқа ұшырау қаупі жайында айтты
Батыс Украинаның дефолтқа ұшырау қаупі жайында айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Биыл тамыз айында Украина дефолт жариялауы мүмкін. Бұл туралы Telegraph басылымында журналист Бен Марлоу жазды. 07.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-07T13:42+0500
2024-07-07T13:42+0500
2024-07-07T13:42+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
ақш
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_0:67:3075:1796_1920x0_80_0_0_0b68a99a3213f968a339210ce42824d4.jpg
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Биыл тамыз айында Украина дефолт жариялауы мүмкін. Бұл туралы Telegraph басылымында журналист Бен Марлоу жазды. Мақалада Украина басшылығының кредиторлармен келісімге келу жолдарын іздеп жатқаны баяндалады. Себебі батыстың қаржы ұйымдары берген қарыздар бойынша процент төлеуге қатысты екі жылдық мораторий аяқталуға жақын, келесі айдан бастап төлем жасау қажет. Басылымға сұхбат берген адам Украина мен кредиторлар арасындағы келіссөздердің барысын біліп отыр. Дефолт болған жағдайда үлкен саяси қиындықтар туындайды. Биыл наурыз айында Financial Times газеті Жоғары рада бюджет комитетінің төрағасы Роксолана Пидласқа сілтеме жасап отырып, елдің бір жылдық бюджетінің жартысына жуығы - 87 миллиард доллар қорғаныс саласына бөлінгенін жазған. Ал Украинаның ішкі табысы небәрі 46 миллиард долларды құрайды. Алдағы уақытта бюджет тапшылығы өсе береді деген болжам бар. Себебі мобилизация жүріп жатыр, ондайда әскерге шақырылғандарды қамтамасыз етуге, оқытуға мен жалақы төлеуге бірақ қаражат қажет. Украина депутаты Александр Устиновтың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын батыстан келетін қаражатпен жауып жатыр. Ал АҚШ-тың көмегі тоқтап қалса, G7 мемлекеттеріне қол созуға тура келеді. Былтыр қараша айында Владимир Зеленский Украинаның 2024 жылға арналған бюджеті туралы заң жобасына қол қойған. Сол кезде бюджет тапшылығы 43 миллиард доллардан асып тұрған.
украина
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/16/29625837_68:0:2799:2048_1920x0_80_0_0_5b364d7aff180e96688ff2cd3454b44f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ақш
АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. Биыл тамыз айында Украина
дефолт жариялауы мүмкін. Бұл туралы Telegraph басылымында журналист Бен Марлоу жазды.
Мақалада Украина басшылығының кредиторлармен келісімге келу жолдарын іздеп жатқаны баяндалады. Себебі батыстың қаржы ұйымдары берген қарыздар бойынша процент төлеуге қатысты екі жылдық мораторий аяқталуға жақын, келесі айдан бастап төлем жасау қажет.
"Егер сол уақытқа дейін келісім жасалмаса, салдары өте ауыр болады", — деп жазды Марлоу.
Басылымға сұхбат берген адам Украина мен кредиторлар арасындағы келіссөздердің барысын біліп отыр. Дефолт болған жағдайда үлкен саяси қиындықтар туындайды.
Биыл наурыз айында Financial Times газеті Жоғары рада бюджет комитетінің төрағасы Роксолана Пидласқа сілтеме жасап отырып, елдің бір жылдық бюджетінің жартысына жуығы - 87 миллиард доллар қорғаныс саласына бөлінгенін жазған. Ал Украинаның ішкі табысы небәрі 46 миллиард долларды құрайды.
Алдағы уақытта бюджет тапшылығы өсе береді деген болжам бар. Себебі мобилизация жүріп жатыр, ондайда әскерге шақырылғандарды қамтамасыз етуге, оқытуға мен жалақы төлеуге бірақ қаражат қажет.
Украина депутаты Александр Устиновтың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын батыстан келетін қаражатпен жауып жатыр. Ал АҚШ-тың көмегі тоқтап қалса, G7 мемлекеттеріне қол созуға тура келеді.
Былтыр қараша айында Владимир Зеленский Украинаның 2024 жылға арналған бюджеті туралы заң жобасына қол қойған. Сол кезде бюджет тапшылығы 43 миллиард доллардан асып тұрған.