Түркі орталық банктерінің кеңесін құру қажет – Тоқаев

Тоқаев түркі елдерінің тағы бір кеңесін құруды ұсынды
Sputnik
АСТАНА, 6 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі орталық банктерінің кеңесін құруды ұсынды, деп хабарлады Ақорда.
Тоқаевтың айтуынша, түркі мемлекеттерінің экономикасын дамыту үшін қаржы саласындағы байланысты нығайта түсу керек.
"Осы ретте Түркі орталық банктерінің кеңесін құру қажет. Мен, сондай-ақ, Жалпытүркі патент ұйымын құруды ұсынамын. Биыл Түркі инвестициялық қоры Басқарушылар кеңесінің ұлықтау рәсімі өтті. Оның қызметі экономика және қаржы-инвестиция саласын дамытуға оң әсер етеді деп сенемін", – деді Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде.
Айта кетері, саммит Әзербайжанның Шуша қаласында өтіп жатыр. 2020 жылы Әзербайжан Армениямен болған әскери қақтығыс кезінде осы жерді қайтарып алды. Ал келесі жылы Ильхам Әлиев Шушада осы елдің туын көтерді.
Тоқаев бауырлас елдердің спортшыларын көшпенділер ойындарына шақырды