Якутскідегі "Азия балалары" жарысында қазақстандық спортшылар ең көп жүлдеге ие болды

Жарыстың соңғы күнінде олар ел қоржынына тағы 12 медаль салды. Оның 4-еуі – күміс, 8-і – қола
Sputnik
АСТАНА, 5 шілде - Sputnik. Якутскідегі VIII халықаралық "Азия балалары" байқауының аяқталуына бір күн қалды.
Бүгін, 5 шілдеде қазақстандық спортшылар бокспен қатар күрестің басқа түрлерінен де үздік деп танылды. Хапсағай (киімнің және дененің кез келген жерінен қолмен ұстауға болатынеркін күрес – Sputnik) бойынша Мұрат Темірлан (50 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) күміс, Нұрлыбек Абдіразақ (62 келі) қола жүлдені жеңіп алды.
Ал күрестен Қалабай Керімбек (50 кг) күміс, Қаһан Алтынбек (83 кг) пен Карина Сайтарлы (44 кг) қола жүлдені жеңіп алды.
Бокстан Темірхан Жолмахан (52 кг) мен Нұрасыл Қарымбек (70 кг) жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Марал Төлепберген (50 кг), Жәмилә Болатбекқызы (52 кг), Жанель Имантаева (57 кг), Ақжүрек Қалабай (57 кг), Кенесарыәмір Маржықпаев (63 кг), Ерубай Тұрлыбай (80 кг) үшінші орын иеленді.
Бейресми медальдар есебінде Қазақстан құрамасының қоржынында 106 жүлде бар. Оның ішінде 17 алтын, 31 күміс, 58 қола жүлде.
Жарыстың соңғы күні жастар волейболынан қазақстандықтар Өзбекстан құрамасымен 3-орынға таласады.
Астаналық жас гимнастшы VIII "Азия балалары" ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды