Якутскідегі "Азия балалары" жарысында қазақстандық спортшылар ең көп жүлдеге ие болды

© Photo : Есенгалий Ибраев / TelegramНа полях соревнований "Дети Азии"
На полях соревнований Дети Азии - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2024
Жазылу
Жарыстың соңғы күнінде олар ел қоржынына тағы 12 медаль салды. Оның 4-еуі – күміс, 8-і – қола
АСТАНА, 5 шілде - Sputnik. Якутскідегі VIII халықаралық "Азия балалары" байқауының аяқталуына бір күн қалды.
Бүгін, 5 шілдеде қазақстандық спортшылар бокспен қатар күрестің басқа түрлерінен де үздік деп танылды. Хапсағай (киімнің және дененің кез келген жерінен қолмен ұстауға болатынеркін күрес – Sputnik) бойынша Мұрат Темірлан (50 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) күміс, Нұрлыбек Абдіразақ (62 келі) қола жүлдені жеңіп алды.
Ал күрестен Қалабай Керімбек (50 кг) күміс, Қаһан Алтынбек (83 кг) пен Карина Сайтарлы (44 кг) қола жүлдені жеңіп алды.
Бокстан Темірхан Жолмахан (52 кг) мен Нұрасыл Қарымбек (70 кг) жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Марал Төлепберген (50 кг), Жәмилә Болатбекқызы (52 кг), Жанель Имантаева (57 кг), Ақжүрек Қалабай (57 кг), Кенесарыәмір Маржықпаев (63 кг), Ерубай Тұрлыбай (80 кг) үшінші орын иеленді.
Бейресми медальдар есебінде Қазақстан құрамасының қоржынында 106 жүлде бар. Оның ішінде 17 алтын, 31 күміс, 58 қола жүлде.
Жарыстың соңғы күні жастар волейболынан қазақстандықтар Өзбекстан құрамасымен 3-орынға таласады.
Астаналық жас гимнастшы VIII Азия балалары ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астаналық жас гимнастшы VIII "Азия балалары" ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды
Жаңалықтар
0