Қайрат Нұртас сотта видео түсіруге қарсылық білдірді

Sputnik
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Ұшақта төбелес шығарған әнші Қайрат Нұртас сот процесінен видео түсіруге қарсылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Соттың басында судья Қайрат Нұртасқа отырысқа бұқаралық ақпарат құралдарының қатысып жатқанын ескертті. Сосын бейнетаспаға қарсылығы бар-жоғын сұрады. Нұртас видео түсіруге қарсы екенін айтты. Әншінің анасы да, жәбірленуші де бейнетаспаға қарсылық білдірді.
Судья бұқаралық ақпарат құралдарына әншіні видео түсіруге тыйым салды.
Дәлі қазір әншінің соты онлайн көрсетіліп жатыр.
Қайрат Нұртастың ісі сотқа жолданды