Астана-Шымкент бағыты бойынша қосымша әуе рейстері ашылады

Қосымша рейстер 6 шілдеден бастап ұшады
Sputnik
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. QAZAQ AIR Астанадан Шымкентке қосымша рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Астана күні қарсаңында QAZAQ AIR әуе компаниясы 6 шілдеден бастап келесі кесте бойынша Астанадан Шымкентке қосымша рейстер ашады:
IQ 427 Астана 18: 35 – Шымкент 20: 30
IQ 428 Шымкент 21:20 - Астана 23: 20.
Айта кетері, бұған дейін QAZAQ AIR Алматы мен Астанадан Алакөлге әуе рейстерінің іске қосылғанын хабарлаған болатын.
Алматы мен Астанадан Алакөлге әуерейстері іске қосылды