Алматы мен Астанадан Алакөлге әуерейстері іске қосылды

© AP Photo / Armando FrancaСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2024
Жазылу
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. QAZAQ AIR әуекомпаниясы 20 маусымнан бастап келесі туристік бағыттар бойынша маусымдық рейстерді орындай бастады: Астана – Үшарал – Астана және Алматы – Үшарал – Алматы.
Рейстер аптасына 4 рет (сейсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі) кесте бойынша орындалады:
IQ 391 Астана (12:55) – Үшарал (14:40)
IQ 392 Үшарал (10:20) – Астана (12: 00)
IQ 403 Алматы (08:35) – Үшарал (09:50)
IQ 404 Үшарал (15:10) – Алматы (16:30)
"Алакөл көлі-жазғы маусымда қазақстандық туристердің ең танымал бағыттарының бірі. Біздің әуекомпанияның ұшу бағдарламасы ішкі рейстерді дамытуға бағытталған және Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін ашуға, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал етеді", – деп атап өтті әуекомпанияда.
QAZAQ AIR жолаушыларға таңдау үшін үш тарифті ұсынады: "жеңіл", мұнда 5 кг-ға дейін қол жүгін тасымалдау, "оңтайлы" және "ыңғайлы", оған 23 кг-ға дейін багаж кіреді. Ресми сайт www.flyqazaq.com арқылы билеттерді рәсімдеу кезінде, борттағы орынды алдын-ала брондауға, багажды немесе қол жүгін көбейтуге, борттық тағамға тапсырыс береаласыз.
Ұшулар жаңа генерацияланған de-Havilland Dash 8-Q400 канадалық әуе кемесінде орындалады. Билеттерді flyqazaq.com ресми сайттан брондауға және сатып алуға болады, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселеріненде алуға болады.
Жаңалықтар
0