Арыстанбек Мұхамедиұлының әйеліне қатысты үкім өзгерді

Күйеуін құтқару үшін экс-министрдің әйелі адвокатқа 400 мың АҚШ долларын және 27 миллион теңге берген
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 шілде – Sputnik. Бүгін Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляциялық тәртіпте Арыстанбек Мұхамедиұлы, оның зайыбы Ғалия Ысқақова және және адвокат Мұстахим Төлеевке қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды жоғарғы сот.
Бұған дейін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 13 ақпандағы үкімімен үшеуі де сотталған болатын.
Апелляциялық саты сотталғандардың кінәсі дәлелденді деген сот қорытындыларымен келісті.
"Алайда, бірінші сатыдағы сотпен Ғалия Ысқақованың әрекеті пара алуда делдалдық жасауы толық аяқталған құрам ретінде дұрыс сараланбаған. Ғалия Ысқақованың әрекеті ақша тікелей пара алушының, яғни лауазымды адамның жеке өзіне берілгенде ғана аяқталған қылмыс болып саналады. Бұл жағдайда пара алушы болмаған, өйткені Мұстахим Төлеев алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ақшаны иемденген, яғни алаяқтық жасаған", - деп мәлімдеді ведомство.
Жоғарғы соттың айтуынша, Арыстанбек Мұхамедиұлы мен әйелі адвокатқа алданып қалған.
"Апелляциялық саты Ғалия Ысқақованың әрекетін Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 368-бабының 1-бөлігі "аяқталған қылмыстан пара алу бойынша оқталу" санатына ауыстырды. Бірақ бұрын белгіленген 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өзгеріссіз қалдырды. Сонымен бірге 2023 жыл 5 шілдеден бастап Ғалия Ысқақованың 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі негізгі жаза өтелген деп есептелді", - дейді Жоғарғы сот.
Апелляциялық соттың қаулысымен Арыстанбек Мұхамедиұлына және Мұстахим Төлеевке қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды, ал Ғалия Ысқақоваға қатысты үкім өзгертілді.
Еске сала кетейік экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы иллиардтаған мемлекет қаражатын жымқырды деп айыпталған болатын. Ол 11 жылға бас бостандығынан айрылды.
Мұхамедиұлының жаза мерзімі үш жылға ұзартылды, әйелі мен адвокаты да сотталды