Астана ШЫҰ-2024

ШЫҰ университеттері туралы кітаптың тұсауы кесілді

Sputnik
АЛМАТЫ, 4 шілде - Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің жоғары оқу орындарының кітабы таныстырылды, деп хабарлайды ғылым және жоғары білім министрлігі.
Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеттерінің "Жоғары білім беру және өндірісті интеграциялау саласындағы ынтымақтастық" атты халықаралық симпозиумы өтті. Шараға Сиань Цзяотун университетінің ректоры Чжан Лицюнь мен қазақстандық 20 жоғары оқу орнының ректоры қатысты.
"Симпозиум аясында "ШЫҰ-ға қатысушы елдердің жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығы" атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Кітапта ШЫҰ-ға қатысушы елдердің білім-ғылым, халықаралық ынтымақтастық саласындағы ортақ табыстары мен бірлесе атқарған жұмыстары орыс, ағылшын, қытай тілінде баяндалған", - деп жазды ведомство.
Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіптік білім беруде де ынтымақтастықты нығайтады.