https://sputnik.kz/20240704/qazaqstan-men-qytay-bilim-salasyndagy-yntymaqtastyqty-nygaytady-45422069.html
Қазақстан мен Қытай білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Қазақстан мен Қытай білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Sputnik Қазақстан
Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қазақстандық студенттердің 65%-ке жуығы тегін білім алып жатыр 04.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-04T09:11+0500
2024-07-04T09:11+0500
2024-07-04T10:00+0500
білім
қытай
https://sputnik.kz/img/07e8/07/04/45422191_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_eb763549076227186b7d9ebb190622a3.jpg
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Қазақстанның оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚХР білім министрі Хуай Цзиньпэнмен кездесті. Екі тарап техникалық және кәсіптік білім беру саласында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі. Кездесуде қос дипломдық білім беру мен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, екі елдің студенттері мен оқытушыларының тағылымдамадан өтуі, колледждерді инновациялық дамыту бойынша бірқатар жобаны жүзеге асыру туралы айтылды.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 772 колледжде 540 мыңнан астам студент білім алып жүр. Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс көлемі екі есеге жуық артты, оның 70 пайызы техникалық мамандық бойынша.518 кәсіпорын 410 колледжді өзінің қамқорлығына алып, кеңес құрамында колледжерді басқаруға қатысып келеді. Сонымен қатар жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру, әлемдік үздік кәсіби стандарттар мен тәжірибелерді енгізу мақсатында Қазақстанда жыл сайын WorldSkills чемпионаты өтеді.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/04/45422191_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_cebeef81aa221ba9e15796b5ac9a7fec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім, қытай
Қазақстан мен Қытай білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
09:11 04.07.2024 (жаңартылды: 10:00 04.07.2024) Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қазақстандық студенттердің 65%-ке жуығы тегін білім алып жатыр
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Қазақстанның оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚХР білім министрі Хуай Цзиньпэнмен кездесті. Екі тарап техникалық және кәсіптік білім беру саласында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Кездесуде қос дипломдық білім беру мен бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, екі елдің студенттері мен оқытушыларының тағылымдамадан өтуі, колледждерді инновациялық дамыту бойынша бірқатар жобаны жүзеге асыру туралы айтылды.
"Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қазақстандық студенттердің 65%-ке жуығы тегін білім алып жатыр. Кәсіпорындардың тапсырысымен кадрларды мақсатты әзірлеу, сондай-ақ еліміздің әрбір макроөңірінің тапсырысы бойынша колледждерді бейіндеу жүргізіліп жатыр. Қазақстандық колледждер халықаралық аккредитациялаудан өтуде. Біз бұл бағыттағы жұмысты әлі де күшейтуді көздеп отырмыз", — деді Ғани Бейсембаев.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 772 колледжде 540 мыңнан астам студент білім алып жүр. Соңғы бес жыл ішінде мемлекеттік тапсырыс көлемі екі есеге жуық артты, оның 70 пайызы техникалық мамандық бойынша.
518 кәсіпорын 410 колледжді өзінің қамқорлығына алып, кеңес құрамында колледжерді басқаруға қатысып келеді. Сонымен қатар жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру, әлемдік үздік кәсіби стандарттар мен тәжірибелерді енгізу мақсатында Қазақстанда жыл сайын WorldSkills чемпионаты өтеді.