Астана ШЫҰ-2024

Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қытай төрағалық етеді

Шанхай ынтымақтастық ұйымының келесі саммиті 2025 жылы Қытай Халық Республикасында өтеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 4 шілде - Sputnik. Қытай Халық Республикасы Қазақстаннан кейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді. Келесі саммит Қытайда 2025 жылы өтеді, делінген Астана декларациясында.
ҚХР 2025 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді.
"ШЫҰ-ға төрағалық ету алдағы кезеңге Қытай Халық Республикасына өтеді. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы 2025 жылы Қытай Халық Республикасында өтеді", - деп ұйымға мүше мемлекеттер басшылары кеңесі отырысының қорытынды декларациясында көрсетілген.
Қазақстанның 2024 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі кезінде бірлестік шеңберінде ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша 150-ден астам іс-шара өтті.