Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Қазақстан ШЫҰ-ға төрағалығы кезінде 150-ге жуық іс-шара өткізді

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Касым-Жомарт Токаев выступил на заседании Совета глав государств – членов ШОС
Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на заседании Совета глав государств – членов ШОС
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2024
Жазылу
Тоқаев Қазақстанның Ұйымға төрағалығы аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндады
АСТАНА, 4 шілде – Sputnik. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді қолдауының нәтижесінде Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы ШЫҰ саммитінде мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.
"ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің белсенді қолдауының нәтижесінде Қазақстанның ұйымға төрағалығы кезінде түрлі деңгейде 150-ге жуық іс-шара, соның ішінде цифрлық даму, туризм, энергетика, бизнес салаларында форумдар және ШЫҰ жастар кеңесі ұйымдастырылды", - деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның шарттық базасы 60 жаңа құжатпен толықтырылғанын мәлімдеді.
"Атап айтқанда, Есірткіге қарсы стратегия, Экономикалық ынтымақтастық стратегиясын іске асыру жоспары, Қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісім, Энергетикалық ынтымақтастықты дамыту стратегиясы және басқа да құжаттар. ШЫҰ серіктестері саналатын халықаралық ұйымдардың қатары көбейді. Инвестициялар жөніндегі арнайы жұмыс тобының қызметі қайта жанданды. Ұлттық валютамен есеп айырысуға көшу үдерісі қарқынды дами бастады", – деді мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев осы шаралардың нәтижесінде ШЫҰ кеңістігіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
Сондай-ақ Қазақстан төрағалығы кезінде мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аударылғанын айтты.
"ШЫҰ форматын" барынша тартымды ететін бірқатар маңызды жоба іске қосылды. Олардың қатарында "ШЫҰ елдерінің рухани киелі орындары" жобасы мен "ШЫҰ Жібек жолы" бірінші халықаралық музыка фестивалі бар. Сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін 10 туристік аумақ анықталды. Алматы қаласы ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасына айналды", – деді Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ төрағасы ретінде алдыңғы саммитте айтылған барлық мақсат-міндетті толығымен орындады. Сондай-ақ президент еліміздің бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, белсенді атсалысқаны үшін барлық мемлекетке шынайы ризашылығын білдірді.
Жаңалықтар
0