АСТАНА, 3 шілде - Sputnik. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді.
Оны әуежайда премьер-министр Олжас Бектенов қарсы алды.
Өзбекстан президенті Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады, сондай-ақ шетел басшыларымен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
Өзбекстан – ШЫҰ 2001 жылы құрылғаннан бері ұйымға мүше мемлекет.
Бүгінде Өзбекстан Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің бірі. Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 4,5 миллиард долларды құрады. Сонымен қатар осы жылдың 4 айында өзара сауда 1,2 миллиард долларға жетті. Біздің республиканың Орталық Азиядағы жалпы тауар айналымының шамамен 57%-ы Өзбекстанға тиесілі.