https://sputnik.kz/20240703/toqaev-tazhikstan-prezidentimen-kezdesti-45407193.html
Тоқаев: Қазақстан мен Тәжікстан шын мәнінде одақтастық қатынастарды жолға қоя білді
Тоқаев: Қазақстан мен Тәжікстан шын мәнінде одақтастық қатынастарды жолға қоя білді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлады Ақорда. 03.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-03T16:27+0500
2024-07-03T16:27+0500
2024-07-03T16:28+0500
тәжікстан
https://sputnik.kz/img/07e8/07/03/45406717_0:59:1281:779_1920x0_80_0_0_4d4a16bd59632c060eea942beb8859d3.jpg
АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне арнайы қатысқаны және Астананың бастамалары мен басымдықтарын тұрақты түрде қолдап келе жатқаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылығын білдірді.Қазақстан президенті екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Тәжікстан шын мәнінде одақтастық қатынастарды жолға қоя білді. Бұған Эмомали Рахмонның сіңірген еңбегі орасан.Тәжікстан президенті өз кезегінде Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығы табысты өткенін айтты. Сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық, мәдени гуманитарлық салалардағы және қауіпсіздік бағытындағы ынтымақтастығы жоспарлы түрде дамып келе жатқанын атап өтті.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастығының жекелеген аспектілерін қарастырды.
тәжікстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/03/45406717_81:0:1198:838_1920x0_80_0_0_e4767f26fadcc21bdc51c71d1e39b432.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тәжікстан
Тоқаев: Қазақстан мен Тәжікстан шын мәнінде одақтастық қатынастарды жолға қоя білді
16:27 03.07.2024 (жаңартылды: 16:28 03.07.2024) АСТАНА, 3 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне арнайы қатысқаны және Астананың бастамалары мен басымдықтарын тұрақты түрде қолдап келе жатқаны үшін Эмомали Рахмонға ризашылығын білдірді.
"Саммитке Сіздің қатысуыңыздың мәні зор. Себебі 1996 жылы құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымының бастауында болған президенттердің бірісіз. Менің ойымша, бұл ұйым – шын мәнінде, тиімді, беделді әрі демократиялық бірлестік. Ертеңгі саммит табысты өтеді деп үміттенемін", – деді мемлекет басшысы.
Қазақстан президенті екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Тәжікстан шын мәнінде одақтастық қатынастарды жолға қоя білді. Бұған Эмомали Рахмонның сіңірген еңбегі орасан.
Тәжікстан президенті өз кезегінде Қазақстанның ШЫҰ-дағы төрағалығы табысты өткенін айтты. Сондай-ақ екі елдің сауда-экономикалық, мәдени гуманитарлық салалардағы және қауіпсіздік бағытындағы ынтымақтастығы жоспарлы түрде дамып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастығының жекелеген аспектілерін қарастырды.