Павлодарда балаларды ұрған тәрбиеші жұмыстан шығарылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 3 шілде - Sputnik. Павлодарда бүлдіршіндерді ұрған балабақша тәрбиешісі жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Павлодар қаласындағы N79 балабақшасының тәрбиешісі бүлдіршіндерді ұрған. Оның әрекеті бейнекамераға түсіп қалған. Ата-аналар балабақша басшысына жүгінген.
"1 шілдеде балабақшаның орта тобының ата-аналары басшының міндетін атқарушыға бейнебақылау камераларын қарау туралы өтінішпен жүгінді. 26-27 маусымдағы жазбаларда күннің екінші жартысында тәрбиешінің балаларға дөрекі қарым-қатынасы анықталды", - дейді ведомстводағылар.
Басқарманың мәліметінше, тәрбиеші жұмыстан шығарылған. Білім бөлімін уақтылы хабардар етпегені үшін барлық материалдар құқық қорғау органдарына берілетін болады.
Қостанайда баланың бұғанасын сындырған тәрбиеші сотталды