https://sputnik.kz/20230718/qostanayda-balanyn-buganasyn-syndyrgan-tarbieshi-sottaldy-36866144.html
Қостанайда баланың бұғанасын сындырған тәрбиеші сотталды
Қостанайда баланың бұғанасын сындырған тәрбиеші сотталды
Sputnik Қазақстан
ҚОСТАНАЙ, 18 шілде – Sputnik. Қостанайда балабақшалардың бірінде баланың бұғанасын сындырған тәрбиеші бір жылға бас бостандығынан шектелді. 18.07.2023, Sputnik Қазақстан
2023-07-18T21:15+0500
2023-07-18T21:15+0500
2023-07-18T21:15+0500
балабақша
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_3735fb556dba52fc7f7cc15f5be178b4.jpg
ҚОСТАНАЙ, 18 шілде – Sputnik. Қостанайда балабақшалардың бірінде баланың бұғанасын сындырған тәрбиеші бір жылға бас бостандығынан шектелді.Сондай-ақ тәрбиеші бір жыл бойы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу бойынша педагогикалық лауазымдарды атқара алмайды.Қостанайдың №2 сотында 25 жастағы тәрбиеші Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол Қылмыстық кодекстің 141-бабы "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бойынша кінәлі деп танылды.Былтыр 28 маусымда болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тәрбиеші теріс қарап орындықта отырған бүлдіршінге ескерту жасайды. Бірақ бала тыңдамаған. Тәрбиеші орындықты бірден өзіне қарай бұрғанда бала құлап түсіп, бұғанасын сындырған.Сотта прокурор сотталушыға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады. Бүлдіршіннің әкесі де айыптаушының ұстанымын қолдаған. Ал сотталушы болса кінәсін мойындап, өз ісіне өкінетіндігін айтқан."Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот Қылмыстық кодекстің 44-бабының 2-бөлігінде көзделген міндеттерді жүктей отырып, жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылауды белгіледі. 1 жыл мерзімге педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады", - деп түсіндірді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/78/9477869_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_4370bda6c848c8257edaed45a7c82aa3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балабақша
ҚОСТАНАЙ, 18 шілде – Sputnik. Қостанайда балабақшалардың бірінде баланың бұғанасын сындырған тәрбиеші бір жылға бас бостандығынан шектелді.
Сондай-ақ тәрбиеші бір жыл бойы кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу бойынша педагогикалық лауазымдарды атқара алмайды.
Қостанайдың №2 сотында 25 жастағы тәрбиеші Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол Қылмыстық кодекстің 141-бабы "Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау" бойынша кінәлі деп танылды.
Былтыр 28 маусымда болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Тәрбиеші теріс қарап орындықта отырған бүлдіршінге ескерту жасайды. Бірақ бала тыңдамаған. Тәрбиеші орындықты бірден өзіне қарай бұрғанда бала құлап түсіп, бұғанасын сындырған.
Сотта прокурор сотталушыға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады. Бүлдіршіннің әкесі де айыптаушының ұстанымын қолдаған. Ал сотталушы болса кінәсін мойындап, өз ісіне өкінетіндігін айтқан.
"Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сот Қылмыстық кодекстің 44-бабының 2-бөлігінде көзделген міндеттерді жүктей отырып, жазаның барлық мерзіміне пробациялық бақылауды белгіледі. 1 жыл мерзімге педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады", - деп түсіндірді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.