Астана ШЫҰ-2024

Қатар әмірі ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Қатар мемлекеті ШЫҰ диалогы бойынша серіктес мәртебесіне ие
Sputnik
АСТАНА, 3 шілде - Sputnik. Қатар әмірі ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Елорда әуежайында шейх Тамим бен Хамад әл Таниді Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Қатар мемлекеті ШЫҰ-ның диалог бойынша серіктесі мәртебесіне ие. Тиісті меморандумға 2022 жылы Ташкентте қол қойылған.
Өткен жылы Қазақстан мен Қатар арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды. Қатар - Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық әріптесі.
2023 жылдың соңында екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 50%-ға өсті. Жоғары деңгейде алға қойылған міндетке сәйкес екі елдің үкіметтері өзара сауда көлемін 500 миллион долларға дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Астана ШЫҰ-2024
Ердоғанды Астана әуежайында премьер-министр қарсы алды