Астана, ШЫҰ саммиті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
ШЫҰ – 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекет басшылары құрған халықаралық ұйым.

Қатар әмірі ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

© Пресс-служба правительства КазахстанаЭмир Катара Тамим бен Хамада Аль Тани
Эмир Катара Тамим бен Хамада Аль Тани - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Жазылу
Қатар мемлекеті ШЫҰ диалогы бойынша серіктес мәртебесіне ие
АСТАНА, 3 шілде - Sputnik. Қатар әмірі ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Елорда әуежайында шейх Тамим бен Хамад әл Таниді Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Қатар мемлекеті ШЫҰ-ның диалог бойынша серіктесі мәртебесіне ие. Тиісті меморандумға 2022 жылы Ташкентте қол қойылған.
Өткен жылы Қазақстан мен Қатар арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толды. Қатар - Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық әріптесі.
2023 жылдың соңында екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 50%-ға өсті. Жоғары деңгейде алға қойылған міндетке сәйкес екі елдің үкіметтері өзара сауда көлемін 500 миллион долларға дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Режеп Тайип Ердоған ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2024
Астана ШЫҰ-2024
Ердоғанды Астана әуежайында премьер-министр қарсы алды
Жаңалықтар
0