АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Үндістанның солтүстігіндегі Хатрас қаласында өткен діни іс-шарада 100-ден астам адам бір-бірін таптап қаза тапты, деп жазды Hindustan Times.
Бөлме адамға лық толып, ауа жетпегендіктен адамдар сыртқа шығуға асыққан. Көптеген адам есінен танған.
"Барлығы бір-бірінің үстіне құлап, таптап кетті. Мен сыртқа шыққанда, сыртта тұраққа қойылған мотоциклдер болды, бұл менің жолымды жауып тастады. Көбісі есінен танып, басқалары қайтыс болды", - деді жәбірленуші басылымға.
2022 жылы қазанда Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатындағы Мал өзенінің жағасындағы діни рәсім кезінде 8 адам қайтыс болып, 13-і зардап шеккен.
Ол кезде өзендегі су деңгейі кенеттен күрт көтеріліп, он шақты адам суға құлап кеткен. Бұл Джалпайгури ауданында "Дурга Висаржан" жаппай рәсімі кезінде болды, онда үндістер құрметтейтін Дурга құдайының пұттары суға жіберіледі.