Киімдерін аламыз деп қысылып қалған: Алматы мектебіндегі жағдайдың бейнежазбасы тарады

© Photo : Pixabay / TakenВешалка в школьном гардеробе
Вешалка в школьном гардеробе - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2024
Жазылу
Оқу процесін ұйымдастыруда бақылауды әлсіреткен мектеп директоры қызметінен босатылды
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Алматыдағы мектептердің бірінде гардеробтан киімдерін алуға барған оқушылар тар жерде қысылып, бір-бірін таптап кете жаздады. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Жағдайға қатысты қалалық білім бөлімі түсініктеме берді.
Оқиға 27 ақпанда №41 мектепте болған.
“Бұл мектепте екі ауысымда 1426 оқушы оқиды, жобалық қуаты 870 орын. Мектептің төменгі қабатында орналасқан гардеробта оқушылар шамадан тыс жиналған. Мұның себебі – көрсетілген күні оқушылардың киіну процесін дұрыс ұйымдастырмау”, - дейді Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева.
Басшының айтуынша, мектепте бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған. Абырой болғанда ешбір оқушы зардап шекпеген.
Оқу процесін ұйымдастыруда бақылауды әлсіреткен мектеп директоры қызметінен босатылды.
Бұл мектептегі орын тапшылығы проблемасын шешу үшін 2023 жылы Самғау-2 шағын ауданда 2000 орындық жайлы мектептің құрылысы басталды, дейді Ләззат Жылқыбаева.
Жаңалықтар
0