Астана ШЫҰ-2024

ШЫҰ саммиті кезінде Астанада жедел жәрдем қалай жұмыс істейді

Қалалық стационарлар бұрынғыдай қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайды
Sputnik
АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. ШЫҰ саммиті кезінде жедел жәрдем, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлады елорда әкімдігінің сайты.
"2024 жылдың 3-4 шілдесінде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері жедел медициналық жәрдем станциясы, емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді", - деп жазылған хабарламада.
Қалалық стационарлар бұрынғыдай қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайды.
"Резервтік бейінді палаталарды бөлу арқылы шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді", - деп толықтырды қала билігі.
Емханалар да әдеттегідей жұмыс істейді:
алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары таңғы 8:00-ден 20:00-ге дейін,
активтер мен қоңырауларды қабылдау 8:00-ден 16:00-ге дейін.
Жедел медициналық жәрдем тәулік бойы қызмет көрсетеді.
Астана ШЫҰ-2024
Дүниежүзі халқының жартысы көз тігеді: Астанада ШЫҰ саммитіне дайындық қалай жүргізілді