АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Астанада Қазақстан - Қытай іскерлік кеңесінің жетінші отырысы басталды.
Кеңес Қазақстан мен Қытай бизнес-топтарына арналған диалог алаңы саналады, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыруға бағытталған.
"Самұрық-Қазына" қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Қазақстан - Қытай іскерлік кеңесінің тең төрағасы, ал қытай тарапынан бұл міндетті CITIC Group директорлар кеңесінің төрағасы атқарады.