Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Сайлау нәтижесіне қарамастан, АҚШ НАТО мен Украинаны қолдай береді – Столтенберг

Sputnik
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Yomiuri жапон газетіне берген сұхбатында АҚШ-тың альянстың одақтасы болып қалатынына сенім білдірді, деп хабарлады РИА Новости.
"АҚШ-та қос партия да Украинаны қолдайды. Сондықтан, кім президент болып сайланса да, АҚШ НАТО-дағы күшті одақтас болып қала береді", - деді Столтенберг альянсқа сыни көзқарас танытатын Дональд Трамптың жеңіске жету мүмкіндігі туралы сұраққа жауап беріп.
Алайда Столтенберг НАТО Украинаның әскерилерін даярлау және жабдықтарын тасымалдауды үйлестіруде маңыздырақ рөл атқара алатынын айтып, бұл АҚШ-тың осы істерге қатысуының азаюы ықтималдығын білдіретінін мәлімдеді.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.