https://sputnik.kz/20240701/saylau-natizhesine-qaramastan-aqsh-nato-men-ukrainany-qolday-beredi--stoltenberg-45319835.html
Сайлау нәтижесіне қарамастан, АҚШ НАТО мен Украинаны қолдай береді – Столтенберг
Сайлау нәтижесіне қарамастан, АҚШ НАТО мен Украинаны қолдай береді – Столтенберг
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Yomiuri жапон газетіне берген сұхбатында АҚШ-тың альянстың одақтасы болып қалатынына сенім... 01.07.2024, Sputnik Қазақстан
2024-07-01T12:15+0500
2024-07-01T12:15+0500
2024-07-01T12:15+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
нато
ақш
украина
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33613448_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_cbe95a8a570aa7268d744ec6c013b5d5.jpg
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Yomiuri жапон газетіне берген сұхбатында АҚШ-тың альянстың одақтасы болып қалатынына сенім білдірді, деп хабарлады РИА Новости."АҚШ-та қос партия да Украинаны қолдайды. Сондықтан, кім президент болып сайланса да, АҚШ НАТО-дағы күшті одақтас болып қала береді", - деді Столтенберг альянсқа сыни көзқарас танытатын Дональд Трамптың жеңіске жету мүмкіндігі туралы сұраққа жауап беріп.Алайда Столтенберг НАТО Украинаның әскерилерін даярлау және жабдықтарын тасымалдауды үйлестіруде маңыздырақ рөл атқара алатынын айтып, бұл АҚШ-тың осы істерге қатысуының азаюы ықтималдығын білдіретінін мәлімдеді.Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.
ақш
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33613448_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_05e81a90b2c9b11008d56047fc87de5f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нато, ақш, украина
Сайлау нәтижесіне қарамастан, АҚШ НАТО мен Украинаны қолдай береді – Столтенберг
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Yomiuri жапон газетіне берген сұхбатында АҚШ-тың альянстың одақтасы болып қалатынына сенім білдірді, деп хабарлады РИА Новости.
"АҚШ-та қос партия да Украинаны қолдайды. Сондықтан, кім президент болып сайланса да, АҚШ НАТО-дағы күшті одақтас болып қала береді", - деді Столтенберг альянсқа сыни көзқарас танытатын Дональд Трамптың жеңіске жету мүмкіндігі туралы сұраққа жауап беріп.
Алайда Столтенберг НАТО Украинаның әскерилерін даярлау және жабдықтарын тасымалдауды үйлестіруде маңыздырақ рөл атқара алатынын айтып, бұл АҚШ-тың осы істерге қатысуының азаюы ықтималдығын білдіретінін мәлімдеді.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.