АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
"Биылғы 2-4 шілде күндері президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.
3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді, қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр.