Павлодар облысында полиция қызметкері өзіне қол жұмсамақ болды

Sputnik
АЛМАТЫ, 30 маусым - Sputnik. Павлодар облысы Ертіс ауданында сержант өзіне қол жұмсамақ болды.
БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға 29 маусымда полицейдің үйінде болған.
"Осы факт бойынша тергеу жүргізілуде. Істің мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Ал дәрігерлер полицейдің жағдайы ауыр екенін айтты.
"Науқас жансақтау бөлімінде, комада жатыр. Жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Жағдайы ауыр", - деді Павлодар қалалық №1 ауруханасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 24 маусымда Батыс Қазақстанда полиция қызметкері өзін жаралап алған. Араға үш күн салып ол қайтыс болды.
Батыс Қазақстанда өзін-өзі атып алған полицей ауруханада қайтыс болды