АЛМАТЫ, 30 маусым - Sputnik. Кинологтар адасып кеткен Ұлыбритания азаматын құтқарды, деп хабарлады Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлыбритания азаматын іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есебі жұмылдырылды.
"Бүгін Алматы облысының Ақтас үстірті ауданындағы таулы аймағында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары іздестіру жұмыстары барысында адасқан Ұлыбритания азаматын тапты", - деп жазылған хабарламада.
Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есебі жұмылдырылды. Жоғалған адамға медициналық көмек қажет болған жоқ.