Қоғам

Су тасқынынан зардап шеккендерге 53 млн теңге өтемақы төленеді

Бұл ақпаратты Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова растады
Sputnik
АСТАНА, 29 маусым - Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында су тасқынынан зардап шеккен бизнесмендерге 53 млн теңге өтемақы төленеді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.
Теректі ауданында 37 кәсіпкерлік субъектісі су тасқынынан зардап шеккен. Бұл ақпаратты Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова растады.
Аталған нысандардың ішінде сауда, өндіріс және қызмет көрсету саласында - 28 субъект, ауыл шаруашылығы саласында тоғыз субъект бар.

"Кәсіпкерлік саласында тоғыз субъектіге 7,2 миллион теңге сомасында, ауыл шаруашылығы саласында тоғыз субъектіге 46,6 миллион теңге сомасында өтемақы мақұлданды", - деді Әлия Мұханбетжанова.

Оның айтуынша, кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.