https://sputnik.kz/20240629/su-tasqynynan-zardap-shekkenderge-53-mln-tenge-otemaqy-tolenedi--45300649.html
Су тасқынынан зардап шеккендерге 53 млн теңге өтемақы төленеді
Су тасқынынан зардап шеккендерге 53 млн теңге өтемақы төленеді
Sputnik Қазақстан
Бұл ақпаратты Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова растады 29.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-29T13:21+0500
2024-06-29T13:21+0500
2024-06-29T13:50+0500
қоғам
су тасқыны
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1b/44566999_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_3879b37e0d03f24b78153b06dcab345a.jpg
АСТАНА, 29 маусым - Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында су тасқынынан зардап шеккен бизнесмендерге 53 млн теңге өтемақы төленеді, деп хабарлайды "Мой город" порталы.Теректі ауданында 37 кәсіпкерлік субъектісі су тасқынынан зардап шеккен. Бұл ақпаратты Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова растады. Аталған нысандардың ішінде сауда, өндіріс және қызмет көрсету саласында - 28 субъект, ауыл шаруашылығы саласында тоғыз субъект бар. Оның айтуынша, кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1b/44566999_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_5673b2737e27b3ef7770b8037e80323d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, батыс қазақстан облысы
су тасқыны, батыс қазақстан облысы
Су тасқынынан зардап шеккендерге 53 млн теңге өтемақы төленеді
13:21 29.06.2024 (жаңартылды: 13:50 29.06.2024) Бұл ақпаратты Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова растады
АСТАНА, 29 маусым - Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында су тасқынынан зардап шеккен бизнесмендерге 53 млн теңге өтемақы төленеді, деп хабарлайды
"Мой город" порталы.
Теректі ауданында 37 кәсіпкерлік субъектісі су тасқынынан зардап шеккен. Бұл ақпаратты Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова растады.
Аталған нысандардың ішінде сауда, өндіріс және қызмет көрсету саласында - 28 субъект, ауыл шаруашылығы саласында тоғыз субъект бар.
"Кәсіпкерлік саласында тоғыз субъектіге 7,2 миллион теңге сомасында, ауыл шаруашылығы саласында тоғыз субъектіге 46,6 миллион теңге сомасында өтемақы мақұлданды", - деді Әлия Мұханбетжанова.
Оның айтуынша, кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.