Әлем

Ирандағы президент сайлауында кім көп дауыс жинады

Иранда 28 маусым, жұма күні президент сайлауында халық дауыс берді
Sputnik
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Ирандағы кезектен тыс президент сайлауында реформатор Масуд Пезешкиан консерваторлар қанатының кандидаты Саид Джалилиден басым түсті, деп мәлімдеді елдің сайлау комиссиясы 12 миллионнан астам дауысты санағаннан кейін. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

"Жалпы 12 миллион 58 мың 843 дауыс саналды. Масуд Пезешкиан – 5 миллион 354 мың дауыс, Саид Джалили – 4 миллион 875 мың 269 дауыс, Мохаммад Багер Галибаф – 1 миллион 620 мың 628 дауыс, Мостафа Пурмохаммади – 95 мың 172 дауыс", – деп хабарлады Nour News агенттігі сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

Президент қызметі үшін сайлауға төрт адам негізгі үміткер болды:
президент Махмуд Ахмадинежад кезіндегі бұрынғы ішкі істер министрі (2005-2013), діни қайраткер Мостафа Пурмохаммади;
Иранның жоғарғы көшбасшысының Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіндегі өкілі Саид Джалили;
қазіргі парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф;
парламент депутаты Масуд Пезешкиан.
Ирандағы президент елдің рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеиден кейінгі екінші орындағы маңызды саясаткер болып табылады.
Ирандағы президент сайлауында жеңіске жету үшін кандидат 50%-дан астам дауыс жинауы керек. Үміткерлер мұндай дауыс жинай алмаса, бір аптадан кейін, 5 шілдеде екінші кезеңі өтеді.
Саясат
Иран ЕАЭО бақылаушы мәртебесін алуға қызығушылық танытты