АЛМАТЫ, 29 маусым - Sputnik. Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілерге қатысты мәлімдеме жасады.
"Қатардағы жауынгерлер Ербаян Мұхтаров пен Алмас Шахимовтың өліміне қатысты фактілер Ұлттық ұланда орын алды және оның Қарулы күштерге қатысы жоқ", - деп жазды ведомство.
Биыл 13 мамырда Сарыөзек кентіндегі 29108 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Досымжан Сәлімжан қайтыс болды.
"Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әскери қызметшінің ата-анасына жан-жақты қолдау көрсетіліп, барлық тиісті өтемақылар төленетін болады. Қорғаныс ведомствосы да, ата-аналар да жүргізіліп жатқан тергеудің шынайы болуына мүдделі", - дейді қорғаныс министрлігі.
Әскери қылмыстарды тергеу барысын бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелері қадағалайды.
Қарулы күштердің басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы тергеу әрекеттері мен қажетті рәсімдерді жүргізуде ашықтық пен объективтілік қағидаттарын ұстанады, деді министрлік.