https://sputnik.kz/20240629/askeri-qyzmetshilerdin-olimi-qorganys-ministrligi-malimdeme-zhasady-45302822.html
Әскери қызметшілердің өлімі: қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
Әскери қызметшілердің өлімі: қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қатысты жарияланымдар бойынша түсініктеме берді 29.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-29T15:56+0500
2024-06-29T15:56+0500
2024-06-29T16:13+0500
сарбаз
өлім
қорғаныс министрлігі
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_5cd43247a8f2d7461b008a0df7eb73c7.jpg
АЛМАТЫ, 29 маусым - Sputnik. Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілерге қатысты мәлімдеме жасады."Қатардағы жауынгерлер Ербаян Мұхтаров пен Алмас Шахимовтың өліміне қатысты фактілер Ұлттық ұланда орын алды және оның Қарулы күштерге қатысы жоқ", - деп жазды ведомство.Биыл 13 мамырда Сарыөзек кентіндегі 29108 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Досымжан Сәлімжан қайтыс болды."Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әскери қызметшінің ата-анасына жан-жақты қолдау көрсетіліп, барлық тиісті өтемақылар төленетін болады. Қорғаныс ведомствосы да, ата-аналар да жүргізіліп жатқан тергеудің шынайы болуына мүдделі", - дейді қорғаныс министрлігі.Әскери қылмыстарды тергеу барысын бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелері қадағалайды.Қарулы күштердің басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы тергеу әрекеттері мен қажетті рәсімдерді жүргізуде ашықтық пен объективтілік қағидаттарын ұстанады, деді министрлік.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_49319bd903bcde33ba75b2d029dd9d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сарбаз, өлім, қорғаныс министрлігі
сарбаз, өлім, қорғаныс министрлігі
Әскери қызметшілердің өлімі: қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
15:56 29.06.2024 (жаңартылды: 16:13 29.06.2024) Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қатысты жарияланымдар бойынша түсініктеме берді
АЛМАТЫ, 29 маусым - Sputnik. Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілерге қатысты мәлімдеме жасады.
"Қатардағы жауынгерлер Ербаян Мұхтаров пен Алмас Шахимовтың өліміне қатысты фактілер Ұлттық ұланда орын алды және оның Қарулы күштерге қатысы жоқ", - деп жазды ведомство.
Биыл 13 мамырда Сарыөзек кентіндегі 29108 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгері Досымжан Сәлімжан қайтыс болды.
"Бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Әскери қызметшінің ата-анасына жан-жақты қолдау көрсетіліп, барлық тиісті өтемақылар төленетін болады. Қорғаныс ведомствосы да, ата-аналар да жүргізіліп жатқан тергеудің шынайы болуына мүдделі", - дейді қорғаныс министрлігі.
Әскери қылмыстарды тергеу барысын бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің тиісті бөлімшелері қадағалайды.
Қарулы күштердің басшылығы мен әскери бөлімдердің қолбасшылығы тергеу әрекеттері мен қажетті рәсімдерді жүргізуде ашықтық пен объективтілік қағидаттарын ұстанады, деді министрлік.